Стардың тiршiлiк ортасын жақсарту шаралары

Старды қорғау

Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ — құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 10—12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай. Онда құстардың 481 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18—20 миллионға жетеді. Міне, бұл қаншама байлық десеңізші! Оларды қорғап, пайдалана білуге тиіспіз.

Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді. Мәселен, қазірде Қазақстанда жылына 3,2 миллион құс аңшылардың олжасы болады. Олар — үйрек, қаз, қасқалдаң, балшықты су құстары. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар (шымшың, торғай, тоңылдақ, ементұмсық және тағы басқалар) егістік, бау-бақша, орман зиянкестері — насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Бұлбұл үні мен торғайлардың неше құбылтып салған әндері талай композиторлардың шығармаларына арқау болып келе жатқан жоқ па? Сондай-ақ аспанға ұшу техникасын жетілдіру үшін құстардың ұшу заңдылықтарын зерттеу Леонардо да Винчиден бастап күні бүгінге дейінгі авиаконстукторлар еңбектерінің негізіне алынып отыр емес пе? Бүгінде де бұл жұмыстар жалғасуда.

Соңғы жылдары құстардың тек Қазақстанда ғана емес бүкіл жер шарында кейбір түрлерінің саны азайып бара жатқаны байқалады. Сондықтан да ел-елде оларды қорғау шаралары жүзеге асуда. Сол сияқты қазірде біздің республикамызда да осындай жұмысты жүргізу кең қолға алынды. Саны күрт азайып кеткен аң-құстарды шұғыл зерттеу арқылы келешекте олардың таралған аймағы анықталып, кей жерлерде қорғау шаралары жүзеге асырылатын болады. Қазақстан ғалымдары осындай құстардың тізімін алып, табиғаттың «Қызыл кітабын» жасауға кірісті. Бұл тарауда республикамызда саны аз құстардың қай аудандарда таралғаны, биологиясы, мінез-құлық ерекшеліктері жан-жақты әңгімеленеді. Өйткені, бұл мәліметтердің оларды қорғау шараларын жүзеге асыру үшін үлкен мәні бар.

Қазақстан қызыл кітабын ашсақ, мұнда қорғауға жататын құстардың санын көреміз.Олардың 3 түрі ерекше қорғауда:

1.Мәрмәр шүрегей - жоғалып кету қаупы бар түр. Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде-бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында, Еділ мен Жайықтың аралығында жиі кездесетін. Саны барлық жерде азайған сияқты. Түркияда 70 - шы жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған. Санының азаю себептері анықталмаған. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрді терең зерттеу жүмыстарын жүргізіп, жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек.

2. Алакөз сүңгуір - саны күрт кеміп кеткен сирек кездесетін түр. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарында ұялайды. Бұл құстың шамалысы республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батысындағы суларда қыстайды. Саны туралы нақтылы деректер жоқ, санының кемуіне әсер ететін факторлар зерттелмеген. Бұл түрдің бірте-бірте азаюы оны құстарды зерттеушілер мен аңшылық мамандарының назарына ерекше алу керектігін талап етеді.

3. Сұңқылдақ аққу – cаны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы.

Қазіргі кезде, жастардың міндеті – табиғатты қорғау, соның ішінде-құстар. Қазақстан экологтары жастарды қорғауға шақырады деген атпен Семейде сәуірдің 1-інде атап өтілетін Құстардың халықаралық күніне арналған республикалық шара өтті. Мұнда құстарды қорғай білу және оларға зиян келтірмеуді,экологтар балаларға таныстырып өтті.

стардың тiршiлiк ортасын жақсарту шаралары

   Құстар өзiнiң тiршiлiк заңдылығы барысында және экологиялық жүйедегi азықтық тiзбегi нәтижесiнде өсiмддiктер мен жануараларға залалды болған қыруар зянды жәндiктердi жояды немесе хаюанаттардың қалдық өлкесiн тазартып, адамзат үшiн көп үлес қосады. Сол себептi құс та адамзаттың қанатты досы, өсiмдiктердiң қорғаушысы және көктемнiң жаршысы деп қастерленедi. Алайда табиғи ортаны нашарлауы, тиiмсiз ауа райы, азықтық қайнарының жетiспеуi, өз араларындағы табиғи жаулары және жыртқыш аңдардың зяндауы қатарлы себептерден құстар үнемi қауіп – қатерге ұшырап, саны кемейiп отырудан тыс, бүгiнгi таңда ортаны ластануы, химялық егiс дәрiлерiнiң көптеп iстетiлуi қатарлы себептерден, құстардың тiршiлiк ортасы түрлiше дәрежеде бұзғыншылыққа ұшырайтын, кейбiр өңiрлерде құстарды қорғау танымының жетерсiздiгiнен құстарды беталды аулау немесе олардың тiршiлiк ортасын бүлдiретiн құбылыстар түбегейлi жойылғаны жоқ. Сондықтан кезекте құстардың тiршiлiк ортасын жақсарту және оны қорғау күллi әлемдегi натуралистер мен экологтардың және табиғат сүйер қауымның назарын жаппай аударатын мәселеге айналды.


  Жоғарыдағы жағдайларға байланысты, дүние жүзiндегi көптеген елдер құстарды қорғау және зерттеу ұйымдарын құрып, құстарды қорғауға қатысты заң – ережелерiн және нақты шараларын белгiледi. Соңғы 20 жылдан берi, елiмiз де де құстарды қамтыған жабайы хаюанаттар байлығын қорғауға қатысты заң – ережелердi жасаумен бiрге, құстарды қамтыған жабайы хаюанаттардың мемлекет жағынан қорғалатын түрi мен дәрежесiн белгiлеп, оларды беталды аулауға тыйым салды. Мемелект дәрежесіндегі қорықтар құрылып және кемелдендiрiлiп, тұқымы құрып кетуге айналған жабайы хаюанаттардың тiршiлiкi ортасы жақсара бастады.
   Екiншiден, орман – тоғайды қамтыған жер бетiндегi әр түрлi өсiмдiк жамылғыларын қорғау және көбейту арқылы құстарың көптеп мекендеп, өсiп – өрбуiне қолайлы орта туғызу. Ендi бiр жақтан егiнжай, жайлым және тұрғындар өңiрi маңына орман белдеулерiн жасау, көлемдi бау – бақшалық және бұта – бүргендi өңiрлер құру арқылы құстарды осы өңiрге баурап, өсiмдiктерге зянды жәндiктердi жоюға мүмкiндiк түдыру, үйрек, қаз, аққу қатарлы сүда жүзушi құстар мен сазды, батпақты жерлерде тiршiлiк ететiн құстар тобының көбiнесе сулы өңiрлерде мекендеп, су өсiмдiктерi және су жәндiктерiмен азықтану әдетiне негiзделе отырып табиғи көлдер, өзен – бұлақ сулары және сазды жерлердiң су қайнарын сақтау, өсiмдiк жамылғыларын қорғау әрi сүқайналарының ластанүының алдын – алүға көңiл бөлүмен бiрге, шарт – жағдай жар берсе жасанды көп немесе тоспа жасап, сү айдындарын кеңейтү арқылы сүлы өңiрлерде мекендейтiн құстардың тiршiлiк ыортасын жақсартү тйiс. Егiнжәй, жайлым және орман – тоғайларда зянды жәндiктер тым көбеймеген қағдайда, хймялық егiс дәрiлерiн iстетүдi шектеү, егерде егiс дәрiлерiн iстетүге түра келгенде қалдық үыты төмен болған дәрiлердi шектi көлемде ғана iстетүге көңiл бөлү. Егiс дәрiсiнен үланып өлген тышқан тектес жәндiктердiң өлкесесiн дер кезiнде жйнап көмiп тастаү арқылы құстардың үланүының алдын – алү тйс.


7242797651785150.html
7242856674827298.html
    PR.RU™